• Картинка
  • Картинка
  • Картинка
  • Картинка

Нүркенов Сләмиден Камашұлы

Қарқаралы аудандық мәслихаты Сұрақ қою
Оцените дизайн сайта

Мәслихат тарихы

          

 Қазақстан Республикасы өз Тәуелсіздігін алған алғашқы жылдары еліміздің  даму бағытын айқындайтын, қоғамдық қатынастарды жүзеге асыратын сан салалы Заңдар дүниеге келді.  Солардың бірі 1993 жылғы 10 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы» Заңы болатын. Осы Заңды негізге ала отырып, 1994 жылы елімізде тұңғыш рет мәслихаттар институты енгізілді. Сол институт негізінде бүгінгі күні мәслихаттардың бесінші шақырылымы қызмет жасап отыр. Қарқаралы аудандық мәслихатының депутаттық корпус құрамы  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев төрағалық ететін «Нұр Отан» партиясынан ұсынылған. Сайланған 14 депутат түрлі саладағы мамандық иелері, түгелдей өмірлік тәжірибесі бар, сайлаушылар ұсынысы мен талап-тілегін  байыппен жүзеге асыра білетін  салиқалы азаматтар. Өткен шақырылымнан қайта сайланған депутаттар депутаттық қызметтің қыр-сырын, жинақтаған тәжірибесін ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамытуға барынша пайдаланып отырса, жаңадан сайланған депутаттар өздерінің белсенділігімен, жаңаша көзқарастарымен тың серпін беріп отыр. Бесінші шақырылған аудандық мәслихат өкілеттілігі басталғалы сессиялар мен тұрақты комиссиялар отырыстарында  келелі  мәселелер қаралып,  өміршең  шешімдер  қабылдауға  қол жеткізу жалғастырылып келеді.

Қазақстан мәслихаттарының 20 жылдық мерейтойы осы бесінші шақырылыммен және осы шақырылымда хатшылық лауазымда отырған мерзіммен сәйкес келуі мен үшін үлкен қуаныш. Қарқаралы аудандық мәслихатының бірінші шақырылымнан бастап, тарихын парақтап отырсақ, барлық  сайланған депутаттар саны 70-тен асады және өкінішке орай өмірден озып кеткендері де бар екен.
Құрметті әріптестер!
Сіздерді мәслихаттардың 20 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Заман талабына белсенді түрде үн қосып, ел-жұртымыздың өсіп-өркендеуіне, халықтың тұрмыс-тіршілігінің, экономикалық әлеуетінің  артуына елеулі үлес қосып жүрген еңбектеріңізге жеміс тілеймін. Дендеріңіз сау, отбастарыңыз аман болсын!

С.Нүркенов
Бесінші шақырылған Қарқаралы аудандық мәслихатының хатшысы

Бесінші шақырылған Қарқаралы аудандық мәслихаты

 

  1. Ахманов Болат Хасенұлы                 - №1 Мәди сайлау округінен депутат
  2. Абдуллина Бақытгүл Тоқышқызы - №2 Т.Әубәкіров сайлау округінен депутат
  3. Райымбеков Самат Темірұлы         - №3 Абай сайлау округінен депутат
  4. Даутов Талғат Жұмағұлұлы           - №4 Металлург сайлау округінен депутат
  5. Кездікбаев Қабыл Әбілқасұлы        - №5 Мектеп сайлау округінен депутат
  6. Нүркенов Сләмиден Камашұлы     - №6 Қаракөл сайлау округінен депутат
  7. Теміржанов Бейбіт Темірұлы          - №7 Қазыбекби сайлау округінен депутат
  8. Елюбаев Ардақ Төкенұлы               - №8 Ынталы сайлау округінен депутат
  9. Жекеев Серік                                      - №9 Көктас сайлау округінен депутат
  10. Баймақанова Рыскелді Иманбекқызы- №10 Нүркен сайлау округінен депутат
  11. Смағұлов Рымбек                        - №11 Айнабұлақ сайлау округінен депутат
  12. Елеусізов Арғын Серікұлы         - №12 Томар сайлау округінен депутат
  13. Әлин Разақ Мұқанұлы                - №13 Аманжолов сайлау округінен депутат
  14. Құттина Мәниза Мұқанқызы     - №14 Балқантау сайлау округінен депутат

 

  

  Біздің тәуелсіз еліміздің алғашқы мәслихат сайлауы 1994 жылғы 7 наурызда өткізіліп, әр деңгейдегі мәслихаттар органдары өмірге енді.
Жас мемлекеттің жаңаша өсу, өрлеу, өркендеу жолымен бастаған аудандық мәслихат депутаттары  аудандық мәслихат сессиялары мен тұрақты комиссиялар отырыстарында Заң талабына сәйкес өз құзыретіндегі мәселелерді  асқан байыптылықпен қарап, өміршең шешімдер қабылдауға бет бұрды. Ел өміріндегі оң өзгерістерді,  Елбасы  Жолдауларын қолдай отырып, белгіленген  міндеттерді шешуге белсенді түрде қатысып келеді.
Уақыт алға жылжыған сайын өкілді орган – аудандық мәслихат қызметінде жаңаша серпін, соны бетбұрыстар пайда болды.  Заң талабына сәйкес тұрақты комиссиялардың жұмысы  жаңаша бағыт алып, сессияларда қаралатын мәселелердің ауқымы кеңейді. Аудандық мәслихат және оның депутаттарының жұмысы жаңаша сипатқа, шын мәніндегі демократиялық сипатқа ие болды.
Осы жиырма жыл ішінде аудандық мәслихаттың бес  шақырылымына да депутат болып сайландым. Қай шақырылымда болмасын  депутаттар корпусына қызметінде қоғамның саяси, әлеуметтік, экономикалық, тыныс-тіршілігін таразылай білетін, ұйымдастырушылық қасиеті жоғары, кәсіби іскерлік пен білімін қатар алып жүрген азаматтар сайланды.
Құрметті әріптестер!
Сіздерді мерейлі мерейтой – мәслихаттардың 20 жылдығымен құттықтаймын. Бойларыңыздағы еңбекке адал, мақсатқа берік  қасиеттеріңіздің арқасында халық қалаулысы болып отырсыздар. Дендеріңіз сау, отбастарыңыз аман, еңбектеріңіз жемісті  болып, ел құрметіне бөлене беріңіздер.

Р.Әлин
Бірінші – бесінші шақырылған Қарқаралы аудандық мәслихатының депутаты, Бюджет саясаты жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы

Мерейлі мереке құтты болсын!
Уақытқа шектеу жоқ. Міне, Қазақстан мәслихаттарына да 20 жыл толып отыр.
Жергілікті мәслихаттар халықтың қалауын білдіретін жергілікті  мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарудың маңызды бөлігі. Сондықтан ауданымыздың барша жұртшылығын, депутат әріптестерімді Қазақстан мәслихаттарының құрылғанына 20 жыл толу мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Осынау үлкен мереке қарсаңында бұрынғы Қазыбек би аудандық мәслихатының тұңғыш депутаттарының аты-жөндерін айта кетуді орынды деп есептеймін. Олар сол кездегі ауданның түрлі салаларында жемісті қызмет атқарған халықтың қалаулары Кәрім Сауғабаев, Қайыркен Байтасов, Мартбек Тілеужанов, Амантай Дәуіпбаев, Роза Әшімова, Қанат Елеусізов, Берлібек  Әбдікәрімов, Кәрібек Мұстафин, Әнуар Ахметов, Майдан  Мануов, Дәнен Бейсенбаев, Нұржан Жұмабаев, Марат Нұрбеков, Айтқазы Ыбыраевтар еді. Сол кездегі аппарат қызметкерлері Манарбек Жәпішев пен Қайыржан Оспановтарды бүгінгі күні құрметпен еске аламыз.
Осынау депутаттарымыз өздерін іскер ұйымдастырушы, нағыз халықтың қалаулылары ретінде тұрғын халықтың мұң-мұқтаж талап тілектерін шешуде аянбай еңбек етті. Қалың бұқарамен билік органдары арасында алтын көпір болды.
Сондықтан барша жұртшылықты осынау айтулы мерекемен құттықтай отырып қашанда алдыңғы қатарда жүретін халықтың қалаулысы депутаттарымыз халық игілігі жолында биіктерден көріне берсін демекпін.
Рымбек Смағұлов,
аудандық мәслихаттың депутаты,
әлеуметтік сала жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы
(Қазыбек би аудандық мәслихатының 1994-1997 жылдардағы хатшысы)

 

                                                            

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алуына байланысты жергілікті мемлекеттік басқару жүйесін, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыретін, оларды ұйымдастыру тәртібін және қызметін  айқындап, Қазақстан Республикасы мәслихаттарының жергілікті өкілді органдар ретінде құрылғанына 20 жыл толып отыр. 
Мен  аудандық мәслихаттың 3-і, 4-і шақырылымдарының хатшысы  болып сайланып,  қызмет атқардым.   Екі шақырылымдағы  аудандық  мәслихаттың депутаттар корпусы – бұл ауданымыздың  озық ауыл шаруашылық құрылымдарының, өндіріс кәсіпорындарының ,   білім беру, денсаулық сақтау салаларының, кәсіподақ қызметкерлері.  Олардың көпшілігі өздерін әртүрлі қызмет салаларында табысты көрсетіп, ауданымыздың  экономикасы мен әлеуметтік саласына сүбелі  үлесін  қосты. Сонымен бірге депутаттар – ешқандай артықшылық бермейтін, негізгі жұмыстан босатпайтын, бірақ көп уақыт пен күш-жігерді алатын жауапты, қоғамдық маңызды істі   абыройлы атқарды деп  айта аламын. Қай уақытта болмасын  мәслихат  атқарушы органдармен тығыз байланыста, түсіністікпен ортақ  іске бірге жұмылып қызмет атқарып келеді.
Халық қалаулылары ретінде  сайлаушыларының мұң-мұқтажын, талап-тілектерін  ескеріп,  ауданның экономикалық және әлеуметтік  саясатына  қатысты  маңызды  шешімдердің қабылдануына,  қоғамның барлық  салаларында белгіленген жалпы мемлекеттік стандарттарды ұста­нуда, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуде  аянбай  еңбек еткен барлық әріптестерімді  осы мерейлі мерекемен  құттықтаймын. Бұқара халықтың сенімін арқалаған  депутаттар, еңбектеріңіз жемісті болсын! Отбасыларыңызға амандық тілеймін!
О.Жүкібаев
Үшінші, төртінші шақырылған аудандық  мәслихаттың  2004-2011    жылдардағы  хатшысы

Үшінші шақырылған Қарқаралы аудандық мәслихаты

  1. Шахарбаев Нұрлан Төлеутайұлы      - №1 Мәди сайлау округінен депутат
  2. Жүкібаев Ойрат Ыбырайымханұлы-№2 Т.Әубәкіров сайлау округінен депутат
  3. Жекеев Серік                                 - №3 Абай сайлау округінен депутат
  4. Кездікбаев Қабыл Әбілқасұлы  - №4 Металлург сайлау округінен депутат
  5. Талдыбаев Қонысбек Ахметжанұлы- №5 Мектеп сайлау округінен депутат
  6. Нүркенов Сләмиден Камашұлы - №6 Қаракөл сайлау округінен депутат
  7. Мұстафа Қуанышбек Түсіпқалиұлы - №7 Қазыбекби сайлау округінен депутат
  8. Ағыбай Рысжан Мәдиқызы       - №8 Ынталы сайлау округінен депутат
  9. Көсембаев Ардақ Қапанұлы         - №9 Көктас сайлау округінен депутат
  10. Тілегенова Думангүл Әлиханқызы    - №10 Нүркен сайлау округінен депутат
  11. Смағұлов Рымбек                        - №11 Айнабұлақ сайлау округінен депутат
  12. Қасымжанов Еркін Әлжанұлы  - №12 Томар сайлау округінен депутат
  13. Әлин Разақ Мұқанұлы                - №13 Аманжолов сайлау округінен депутат
  14. Ғабдуллин Қайрат Рахманұлы  - №14 Балқантау сайлау округінен депутат

Төртінші шақырылған Қарқаралы аудандық мәслихаты

  1. Жекеев Серік                                 - №1 Мәди сайлау округінен депутат
  2. Жүкібаев Ойрат Ыбырайымханұлы-№2 Т.Әубәкіров сайлау округінен депутат
  3. Ахметчин Ерслан Ахмедияұлы  - №3 Абай сайлау округінен депутат
  4. Даутов Талғат Жұмағұлұлы      - №4 Металлург сайлау округінен депутат
  5. Талдыбаев Қонысбек Ахметжанұлы- №5 Мектеп сайлау округінен депутат
  6. Нүркенов С.К./ Сатыбалдин А.Р.  - №6 Қаракөл сайлау округінен депутат
  7. Теміржанов Бейбіт Темірұлы       - №7 Қазыбекби сайлау округінен депутат
  8. Ағыбай Рысжан Мәдиқызы                 - №8 Ынталы сайлау округінен депутат
  9. Сланбеков Қайрат Төкенұлы         - №9 Көктас сайлау округінен депутат
  10. Тілегенова Думангүл Әлиханқызы    - №10 Нүркен сайлау округінен депутат
  11. Смағұлов Рымбек                        - №11 Айнабұлақ сайлау округінен депутат
  12. Қасымжанов Еркін Әлжанұлы  - №12 Томар сайлау округінен депутат
  13. Әлин Разақ Мұқанұлы                - №13 Аманжолов сайлау округінен депутат
  14. Ғабдуллин Қайрат Рахманұлы  - №14 Балқантау сайлау округінен депутат

 

1993 жылғы 10 желтоқсанда Республиканың Жоғарғы Кеңесі ҚР «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілетті және атқарушы органдары туралы» Заң қабылдады, бұл Заң жергілікті мемлекеттік органдардың құрылымына өзгерістер енгізді. Өкілетті органдар - мәслихат, ал жергілікті атқарушы органдар - әкімнің басшылығымен жергілікті әкімшілік деп аталды. Мәслихат пен әкімшілік «мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары» деген ортақ атаумен бірікті. 1994 жылғы 7 наурызда Қазақстан Республикасында жергілікті өкілетті органы - бірінші шақырылым депутаттарының мәслихат-жиналыстарына (1994-1999 жж.) сайлау өткізілді. Бірінші шақырылған Қарқаралы аудандық мәслихат депуттары жиналысының хатшысы болып сайландым. Содан бері, міне, 20 жыл өтті. Жергілікті өкілетті орган – мәслихат республикамыздың мемлекеттік құрылымында өзінің орнын тауып, саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына атсалысып, осы жұмыстарға жергілікті тұрғындарды тартып, қатыстыру арқылы, олардың мұң-мұқтаждарын ескеріп, жергілікті бюджеттің әлеуметтік бағытына үлкен назар аударуда. Ол солай болуы да керек. Сондықтан аудандық мәслихаттың бірінші хатшысы ретінде осы органға, келешекте де ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуында өз үлесін қоса беретініне сенемін. Еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беріңіздер. Әрдайым отбасыларыңыз аман, жүздеріңіз жарқын, мерейлеріңіз үстем болсын!
Қ.Жантурин
Бірінші шақырылған Қарқаралы аудандық мәслихат – депутаттар жиналысының 1994-1995 жылдардағы хатшысы

Құрметті депутаттар, өкілетті орган қызметкерлері!
Өзінің қалыптасқан 20 жыл ішінде өкілеттіліктері мен біліктіліктері артқан жергілікті мәслихаттағы депутаттар корпусы - қоғамды одан әрі демократияландыруға, халық пен билік арасындағы байланысты нығайтуға, еліміздегі халықтың әл-ауқатын, тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруда өз белсенділіктерін танытуда. Қарқаралы аудандық мәслихаты- еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдары құрылды. Содан бері мәслихаттар аудан әкімі аппаратымен бірлесе отырып аудан халқының әлеуметтік- экономикалық жағдайын жақсартуға өз үлесін қосып келеді. Әр жылдары ауданымыздың білім, мәдениет, денсаулық саласына байланысты оң шешімдер қабылдап, осы салалардың дамуына ықпал етті. Қазіргі заманға сай аурухана, мектептер мен балабақша т.б әлеуметтік нысандардың, тұрғын үйлердің салынуы, жолдардың жөнделуі сияқты мәселелер шешілуде. Қандай қиындықтар болса да, халқымыз өзінің елдігін, ұлттық мүддесін сақтап қалды. Ежелден өзіндік тарихы, ерекшелігі бар Қарқаралының облыста  өз орны бар. Бірлігі мен елдігі ұйыған ауданымызда осы еліне, жеріне адал берік ұрпақ өсіп келеді.
Құрметті депутаттар, өкілетті орган қызметкерлері! Сіздерді мәслихаттардың құрылғанына 20 жыл толуымен құттықтаймын. Қарқаралы ауданының халқына, азаматтарына бұдан әрі де еңбектеріңіз жемісті, табыстарыңыз көп болсын деп тілеймін. Еліміз көркейе берсін! Бәріңізге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін.
С.Торыбаев
Бірінші шақырылған Қарқаралы аудандық мәслихат – депутаттар жиналысының 1995-1996 жылдардағы хатшысы

Қарқаралы ауданының халық қалаулылары!
Өздеріңізге мәлім, егемен еліміздің тарихында жергілікті мәслихаттарды сайлау алғаш рет 1994 жылдың 7 наурызында өтті. Сонда Қарқаралы аудандық мәслихатына 24 депутат сайланды. 1997 жылдың мамыр айында Қарқаралыға Қазыбек би ауданы қосылды. Қарқаралы аудандық мәслихат депутаттарының саны бірінші шақырылымда 39-ға жетті.  Екінші шақырылымнан бастап тиісті заңнамаларға сәйкес аудан бойынша 14 депутат сайланып келеді. Аудандық мәслихат бірінші – екінші шақырылымдарда өз жұмысын Қазақстан Республикасы Конституциясы, «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы» Заңының, қолданыстағы басқа да заңнамалық актілердің, облыстық және аудандық мәслихат регламенттерінің негізінде жүргізіп, нарықтық қатынастарды енгізу және дамыту, экономикалық және әлеуметтік жоспарлар мен бағдарламаларды, аудан бюджетін орындауға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағыттады. Аудандық мәслихаттың бірінші шақырылымында ауқымды мәселелердің бірі – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» деп аталатын барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл ауқатының артуы туралы Жолдауы, аудан әкімінің әр жылдарға арналған бағдарламалары, Қарқаралы ауданындағы экологиялық жағдайды сауықтыру бағдарламасы, қылмыспен күрес және қоғамдық тәртіпті қорғау жағдайлары, аудан халқын телефон, пошта байланысымен қамтамасыз ету сияқты мәселелер сессиялардың өзекті тақырыбына айналды. Сол сияқты, ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту проблемаларына ұдайы көңіл бөлінді. Агроөнеркәсіп кешеніндегі істің жағдайы бірнеше рет сессияларда қаралды.
Құрметті аудан халқының қалаулылары!
Биыл мәслихаттардың 20 жылдық мерейтойы. Сіздерді осы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақыт-шаттық тілей отырып, аудан сайлаушыларының Сіздерге артқан сенімін абыроймен атқаруға шын жүректен тілеспін.
А.Тәшенов
                   Бірінші – екінші шақырылған Қарқаралы аудандық мәслихатының 1996 – 2003 жылдардағы хатшысы

 

Қарқаралы аудандық мәслихат-депутаттар жиналысы

1. Дәрібаев Халел - №1 Мәди сайлау округінен депутат
2. Әбдиманов Арғын - №2 Әуезов сайлау округінен депутат
3. Құспанов Женісқали - №3 Әубәкіров сайлау округінен депутат
4. Акимов Самат Рымханұлы - №4 Жәнібеков сайлау округінен депутат
5. Әбдуахитов Серғали - №5 Абай сайлау округінен депутат
6. Қенжеғали Қайрат Рахамжанұлы - №6 Геология сайлау округінен депутат
7. Имашев Жанатай Рысқұлұлы - №7 Поселкелік сайлау округінен депутат
8. Дәрібеков Амантай Нұрмағанбетұлы - №8 Жұмысшы сайлау округінен депутат
9. Акмаева Ғайныкүл Кәрімқызы - № 9 Металлургия сайлау округінен депутат
10. Жантурин Қайрат Әбікенұлы - №10 Ақжол сайлау округінен депутат
11. Мусатаев Ғ. / Торыбаев С./Ташенов А.А. - №11 Татан сайлау округінен депутат
12. Тәңірбергенов Бағдат - №12 Бақты сайлау округінен депутат
13. Ыбырайбеков С. /Райымбеков Т.О- №13 Қырғыз сайлау округінен депутат
14. Нөгербеков Абзал Тойбекұлы - №14 Нүркен сайлау округінен депутат
15. Әбдин Қайдар - №15 Жаңатоған сайлау округінен депутат
16. Мақышев Дулат Мақышұлы - №16 Тегісшілдік сайлау округінен депутат
17. Ешмағанбетов Руслан Ысқақұлы - №17 Жарлы сайлау округінен депутат
18. Ничипорчик В.М./ Бесимов Қ. - №18 Көктас сайлау округінен депутат
19. Рахметов Төлеу Сейтмағзамұлы - №19 Матақ сайлау округінен депутат
20. Карипова Жамила - №20 Ынталы сайлау округінен депутат
21. Рысбеков Мейрам Сыздықұлы - №21 Бесоба сайлау округінен депутат
22. Қасымжанов Мейірхан - №22 Томар сайлау округінен депутат
23. Рымбаев Серік - №23 Қ.Аманжолов сайлау округінен депутат
24. Әлин Разақ Мұқанұлы - №24 Аппаз сайлау округінен депутат
Қазыбек би аудандық мәслихат-депутаттар жиналысы
1. Даупбаев Амантай Даупбайұлы - №1 Абай сайлау округінен депутат
2. Мустафин Кәрібек - №2 Көшкімбаев сайлау округінен депутат
3. Бейсенбаев Дәнен Теміржанұлы - №3 Мәди сайлау округінен депутат
4. Сауғабаев Кәрім Жұмабекұлы - №4 Қазыбек би сайлау округінен депутат
5. Жумабаев Нұржан Мұрсәлімұлы - №5 Абай сайлау округінен депутат
6. Нурбеков Марат Хамзаұлы - №6 Мыржық сайлау округінен депутат
7. Байтасов Қайыркен - №7 Мәди сайлау округінен депутат
8. Әбдікәрімов Берлібек Бейсенбекұлы - №8 Тәттімбет сайлау округінен депутат
9. Әшімова Роза - №9 Нұрмақов сайлау округінен депутат
10. Смағұлов Рымбек - №10 Доғалаң сайлау округінен депутат
11. Елеусізов Қанат Шалабайұлы - №11 Комсомол сайлау округінен депутат
12. Мануов Майдан - №12 Қоянды сайлау округінен депутат
13. Тлеужанов Мартбек Оспанбекұлы - №13 Қазақстан 40 ж. сайлау округінен депутат
14. Ахметов Әнуар Ынтымақұлы - №14 Шөптікөл сайлау округінен депутат
15. Ыбыраев Айтқазы - №15 Қаракөл сайлау округінен депутат

 

 

Официальный информационный Маслихата Каркаралинского района При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна Разработка и поддержка: Интернет-компания Creatida
chinovnik