• Картинка
  • Картинка
  • Картинка
  • Картинка

Нүркенов Сләмиден Камашұлы

Қарқаралы аудандық мәслихаты Сұрақ қою
Оцените дизайн сайта

Жаңалыктар

18 Мая 2018 ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ САЙЫСҚА ТҮСТІ

2018 жылғы 11-12 мамыр күндері Қарағанды қаласындағы «Шахтер» стадионында облыстың, қалалар мен аудандар мәслихаттарының депутаттары және аппарат қызметшілері арасындағы І спартакиада болып өтті. Шаралардың қонақтары депутаттық корпустың, мәслихаттардың ардагерлері, Қарағанды облысының спортына еңбегі сіңген қызметкерлер, сондай-ақ Қарағанды қаласының құрметті тұрғындары болды. Іс-шараны Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы С.Б.Өтешов сөз сөйлеп ашты. Халық қалаулылары, сондай-ақ мәслихаттар аппаратының қызметшілері спорттың волейбол, шахмат, үстел теннисі, дойбы, кір (гир) көтеру, арқан тарту түрлері бойынша күш сынасты. Спартакиада дене тәрбиесі және спортты насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене шынықтыруды және спортты облыс тұрғындарының күнделікті өміріне кеңінен енгізу, ұжымдарда бұқаралық дене тәрбиесі, сауықтыру және спорт жұмыстарын жақсарту мақсатында өткізілді. Аталған Спартакиадаға Қарқаралы ауданының депутаттары мен аудандық мәслихат аппаратының қызметшілері белсене қатысты, сөйтіп, саламатты өмiр салтына жағдай жасау, халық денсаулығының әлеуетiн дамыту және дене мәдениетiн қалыптастыру, тұрғындар арасында бұқаралық спортты дамытуды қуаттайтындықтарын білдірді. Сонымен қатар, кір(гир) көтеруден аудандық мәслихат депутаты Бейсенбеков Азат Құралұлы, Дюсембаев Қанат Болатбекұлы және аппарат қызметшісі Сулейменов Дәурен Меирғалиұлы жалпы командалық есепте 1 орын және дойбыдан аудандық мәслихат депутаты Бейсенбеков Азат Құралұлы, аппарат қызметшісі Әбіл Азамат Қуанышұлы 3 орынды иеленді.
 


Вернуться назад

Официальный информационный Маслихата Каркаралинского района При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна Разработка и поддержка: Интернет-компания Creatida
chinovnik