• Картинка
  • Картинка
  • Картинка
  • Картинка

Нүркенов Сләмиден Камашұлы

Қарқаралы аудандық мәслихаты Сұрақ қою
Оцените дизайн сайта

Жаңалыктар

18 Мая 2018 Қарқаралы аудандық мәслихатының кезекті ХXVIII сессиясы

2018 жылдың 17 мамырында аудан әкімдігі ғимаратында аудандық мәслихаттың депутаты К.Дюсембаевтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезекті ХXVIII сессиясы болып өтті.Сессияның жұмысына аудан әкімі Мақсұтов Халел Мұқатайұлы, облыстық тексеру комиссиясының мүшесі Құтжанова Айгүл Есентайқызы, Қарағанды облысының жергілікті техникалық байланыс жүйелері мекемесінің техникалық директорының дамыту бойынша орынбасары Асхат Артықбаев, дамыту және пайдалану қызметінің жетекші инженері Абдыхалық Бекзат, облыстық мәслихаттың депутаты Оспанов Саят Қайратұлы, аудан әкімінің орынбасарлары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері және мекеме, бөлім басшылары қатысты.Сессия жұмысының барысында мынадай мәселелер қаралды: 1. 2017  жылға арналған  аудан бюджетінің орындалысы туралы есепті бекіту туралы. 2. Қарқаралы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы «2018-2020 жылдарға арналған аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» № VI-22/194 шешіміне өзгерістер енгізу туралы. 3. «Қарқаралы ауданының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасына» сәйкес аудандық телекоммуникация мекемесінің жұмысы туралы. 4. Аудандық мәслихат тұрақты комиссияларының есебі. 5. Басқа да мәселелер. Бірінші мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Апендина Алтынгүл Маулетқызы сөйледі. Бөлім басшысы  2017  жылға арналған  аудан бюджетінің орындалысы туралы баяндады. Екінші мәселе бойынша Қарағайлы кентінің әкімі Шаханов Мереке Зарубайұлы баяндама жасады. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша Қарқаралы қаласының желілік-техникалық учаскесінің басшысы Баяндин Ахат Дүйсенұлы, Қарағанды облысының жергілікті техникалық байланыс жүйелері мекемесінің техникалық директорының дамыту бойынша орынбасары Асхат Артықбаев, дамыту және пайдалану қызметінің жетекші инженері Абдыхалық Бекзат баяндама жасады. Осы мәселе бойынша аудандық мәслихат хатшысы Нүркенов Слямиден Қамашұлы, аудандық мәслихат депутаты Кәрім Манарбек Әзімбекұлы және Кенжегалиева Меруерт Рахымжанқызы ұсыныс жасады. Аудандық мәслихат сессиясының қарауына енгізілген барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды. 


Вернуться назад

Официальный информационный Маслихата Каркаралинского района При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна Разработка и поддержка: Интернет-компания Creatida
chinovnik