• Картинка
  • Картинка
  • Картинка
  • Картинка

Нүркенов Сләмиден Камашұлы

Қарқаралы аудандық мәслихаты Сұрақ қою
Оцените дизайн сайта

Жаңалыктар

03 Ноября 2017 2017 жылдың 23 қазан күні өткізілген тұрақты комиссия отырысы

2017 жылдың 23 қазан күні аудандық мәслихаттың «Бюджет саясаты мен экономика, аграрлық мәселе және экология, өндіріс, құрылыс, байланыс, көлік және коммуналдық шаруашылық жөніндегі» және «Әлеуметтік даму мен халықты қорғау, заңдылық пен құқық қорғау, жариялылық және аудандық мәслихат  регламенті жөніндегі» тұрақты комиссияларының біріккен отырысы өтті.
Комиссия отырысын ашып жүргізуші – Смағұлов Рымбек - аудандық мәслихат депутаты, тұрақты комиссиясының төрағасы.
Комиссия отырысына аудандық мәслихаттың депутаттары, аудандық қоғамдық кеңестің мүшелері, Қарағайлы кентінің әкімі Шаханов Мереке Зарубайұлы, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Таласбаев Қуандық Хамитұлы шақырылды және қатысты.
Күн тәртібінде Қарағайлы кентінің әлеуметтік-экономикалық ахуалына облыстық және аудандық бюджеттен бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуы және игерілуі қарастырылды.
Бірінші болып Қарағайлы кентінің әкімі Шаханов Мереке Зарубайұлының баяндамасы тыңдалды.
Екінші болып Қарағайлы кентіне бөлінген қаржының жай-күйімен және осы қаржыны игеруге байланысты өткізілген тендердің қорытындысы туралы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Таласбаев Қуандық Хамитұлы хабарлама жасады.
Хабарламалар бойынша аудандық мәслихаттың депутаттары, аудандық қоғамдық кеңестің мүшелері баяндамашыларға сұрақтар қойып, жұмыстың оң нәтижелерін шығару үшін ұсыныстар айтып өтті. Өткізілген отырыс бойынша хаттама толтырылып, аталған мәселелер бойынша жұмыстар жүргізілуде.


Вернуться назад

Официальный информационный Маслихата Каркаралинского района При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна Разработка и поддержка: Интернет-компания Creatida
chinovnik